КРОУФОРД. Ирақтағы соғысқа наразы жүздеген адам АҚШ президенті Дж.Буштың Тексас штатының Кроуфорд қаласы түбіндегі ранчосының маңында шеруге жиналды. АҚШ армиясын Ирақтан шығаруды талап еткен шерушілерді Дж.Буштың саясатын қолдаушылардың тобы қарсы алды. Қарама-қарсы екі топтың бұл кездесуі жергілікті полицияны аяғынан тік тұрғызды. Ирақтағы соғысқа қарсы бұл шеруді Ирақта туған ұлы қаза болған бір ана бастады. Ұлынан айрылған ана Синди Шиһан – президент Дж.Буштың өзімен кездесіп, АҚШ әскерін Ирақтан шығаруын талап ету мақсатымен оның ранчосы маңында ашық аспан астында түнеп келеді. Дж.Буш онымен әлі кездескен жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV