Accessibility links

Палестина Газа аймағындағы 3 еврей қонысын дүйсенбіде өз бақылауына алады


РАМАЛЛА. Газа аймағындағы еврей қоныстарының алғашқы үшеуі – Мораг, Кфар-Дарум және Нецарим - осы дүйсенбі күні-ақ Палестина автономиясының бақылауына беріледі. Осы сәттен бастап Палестинаның қауіпсіздік күштері еврей тұрғындарының қауіпсіздігіне жауапты болады. Палестина автономияның ішкі істер министрі Юсеф Насирдің кеше мәлімдегеніндей, қауіпсіздік күштері осы міндетін атқаруға сақадай сай тұр. Соңғы 10 жылдан бері сенбі күні өткізген баспасөз-маслихатында “Хамас” тобының лидерлері “ФАТХ” қозғалысы басшылығының саяси шешім қабылдау құқын мойындамай, Израильге қарсы қарулы күресін жалғастыра беретінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG