БІШКЕК. Бүгін 10-ыншы шілде күні басым дауыспен Қырғызстанның президенті болып сайланған Құрманбек Бәкиевтің ресми түрде президент міндетіне кірісу салтанаты - инаугурациясы өтеді. Бағдарламаға сәйкес, Қ.Бәкиев халыққа арнап сөз сөйлейді, әскери шеру мен салтанатты концерт болады. Салтанатты рәсімге 20-ға жуық шетелдік делегация, оның ішінде Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымы мен Еуроодақтың өкілдері қатысады. Біздің Радиомыздың мәліметі бойынша, Ресей делегациясын Федерация Кеңесінің спикері Сергей Миронов, ал АҚШ делегациясын – сауда министрі Карлос Гутьерес бастап келеді.