Accessibility links

Ирақ президенті жаңа конституцияның жобасы бүгін дайын болады деп үміттенеді


БАҒДАД. Жаңа конституцияның жобасы бойынша уәжге келу үшін Ирақ лидерлері бүгін өзара тағы бас қосады. Конституциялық комитет жобаны дүйсенбіге дейін аяқтап болуға тиіс. Кеше Ирақ президенті Жалал Талабани жаңа ата заңның жобасын жексенбі күні дайын болады деген үмітін білдірді. Жоба бойынша ең басты қайшылық - Ирақтың болашақтағы федеративтік құрылымы мен исламның қоғамдық рөлі мәселесінен туып отыр. Сүннит мұсылмандарының жетекшілері федеративтік құрылым Ирақты жік-жікке бөледі деп қорқады. Кеше радио арқылы халыққа жолдаған сөзінде АҚШ президенті Дж.Буш: “Жаңа конституция – Ирақтың етек-жеңін жинауы үшін маңызды қадам болады”, - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG