Accessibility links

Израиль 2 тәулікте Газа мен Иордан өзенінің жағалауынан бас-аяғы 25 еврей қонысын көшіруге тиіс


ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіре бастады. Бүгінге қараған түні Израиль мен Газа арасындағы шекарада орналасқан Киссуфим елді-мекенінде бақылау-тексеру шебі ашылды. Израильдің жоспары бойынша, Газадан 21, ал Иордан өзенінің Батыс жағалауынан 4 еврей қонысы 48 сағаттың ішінде көшірілуге тиіс. Осы уақыттың ішінде тұрғындар қоныстарын тастап кетпесе, армия күш қолданатын болады. Палестиндік экстремистердің шабуылдарына бөгет қою үшін Палестина күштері де еврей қоныстарын қоршап тұр.
XS
SM
MD
LG