Оның кандидатурасы Парламенттің қарауына жіберіледі. Кулов кезінде жоғары дәрежедегі әртүрлі қызметтерде болған. Асқар Ақаев елбасылығы кезінде “қызметін асыра пайдаланды” деген айыппен түрмеге жабылған еді. Айыптарды ол “саяси астары бар” деп ешқашан мойындаған емес. Қырғыз Жоғарғы соты оны осы көктемде толық ақтап шығарған болатын.