Accessibility links

Сібірдегі “құс тұмауы” дерті Каспий мен Қара теңіз елдеріне жетіп жайылуы мүмкін


МӘСКЕУ. Кеше Ресейдің денсаулық министрлігіне жолдаған хатында осы елдің санитарлық бас дәрігері Геннадий Онищенко “құс тұмауының” H5N1 вирусы Батыс Сібірден Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы елдерге тарауы мүмкін деп ескертті. Оның атап көрсетуінше, бұл дерттің вирусы жабайы құстар арқылы Әзірбайжан, Грузия, Иран, Украина сынды көрші елдерге және Жерорта теңізі елдеріне жайылуы ықтимал. Г.Онищенко “құс тұмауы” - аталған аймақтарда құстардың жылы аймақтарға қарай ұшып барған күз айларында байқалуы мүмкін екенін ескертеді.
XS
SM
MD
LG