Accessibility links

Болгарияда ірі 3 саяси партия жаңа коалициялық үкіметті жасақтады


СОФИЯ. Кеше Болгарияның ірі үш саяси партиясы социалист премьер-министр Сергей Станишев бастаған коалициялық үкімет құруға келісті. 25 маусымдағы парламент сайлауында жеңіске жеткен социалистер партиясы, дегенмен де, парламентте басым дауысқа ие бола алмады. Сол себепті социалистер Болгарияның бұрынғы патшасы Симеон Сакс-Кобургтің Ұлттық қозғалысымен және түрік қауымдастығының қозғалысымен бірлескен үкімет жасақтауға келісті. Жаңа үкіметті 240 депутаттық парламентте 169 дауыс қолдады. Премьер-министр С.Станишевтің атап көрсетуінше, бұл үкімет Болгарияның Еуроодаққа қабылдануын жақындатады.
XS
SM
MD
LG