Accessibility links

Ресми Варшава Минскіден елдегі поляктардың құқын құрметтеуін талап етеді


ВАРШАВА. Кеше Польша президенті А.Квасьневский Беларуссия үкіметін елдегі поляк қауымдастығының құқын құрметтеуге шақырды. Поляк қарулы күштерінің күні мерекесінде сөйлеген сөзінде Квасьневский Минскіден өзге ұлт өкілдерінің құқы мен баспасөз еркіндігі бойынша өзінің халықаралық міндеттемелерін бұлжытпай орындауын талап етті. Оның баса атап көрсеткеніндей, Беларуссияның поляктары мен өзге де ұлттардың еркін бас қосып, өз өкілдерін сайлау құқының болуын Беларуссиядан талап ете бермекші. Таяуда Минск Беларуссиядағы поляк ассоциациясының жаңа басшылығын мойындамай, оның бірқатар жетекшісін тұтқындап, оларды Варшаваның сілімтігі деп айыптады.
XS
SM
MD
LG