ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль армиясы өкілінің хабарлауынша, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 4 еврей қонысының екеуінен тұрғындары көшіп кетті, бірақ Газа аймағындағы 21 еврей қонысының 8 мыңға жуық тұрғынының біразы қоныс аударудан бас тартып отыр. Кейбір тұрғындар Израиль үкіметін еврейлердің библияда айтылған жерінен бас тартты деп айыптайды. Алайда Израиль премьері А.Шарон: “Біз жүзеге асырып жатқан біржақты қоныс аудару – біздің қазіргі болмысымыз. Бұл болмыс - Израильдің болашағы үшін керек. Біз мұнымен қауіпсіздігімізді нығайтамыз. Біздің күштеріміз қауіпсіздік қабырғасының арғы жағында тұрып, бізге қарсы күрескендерге барлық күш-жігерімен тойтарыс беретін болады”, -деп атап көрсетті. Газа мен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы бас-аяғы 25 қоныстағы 8.5 мыңға жуық тұрғынды көшіру кеше түнде басталып, бүгін түнге дейін аяқталуға тиіс. Палестина лидері М.Аббас Израильдің Газадан шегінуін қуанышпен қабылдап, оны “бірінші қадам” деп бағалады.