Accessibility links

Ирақта хабарсыз жоғалған Канада азаматы экстремистердің қолында қаза болды


ОТТАВА. Канаданың премьер-министрі Пол Мартин 2 тамыз күні Ирақта жоғалған Канада азаматын оны тұтқында ұстағандардың өлтіргенін хабарлады. Кеше кешкісін премьер-министрдің кеңсесі таратқан осы мәлімдемеде қаза болған Заид Мирвали деген азаматтың Ираққа не себеппен барғаны және оның қаза болғанын қайдан білгені жайында ештеңе айтылмады. Мирвалидің канадалық және ирақтық қос азаматтығы болған көрінеді. Отбасы мүшелерінің айтуынша, ол Ираққа С.Хусеиннің билігі құлаған 2003 жылдың көктемінде оралған.
XS
SM
MD
LG