Accessibility links

Ирақта жаңа конституцияның жобасын парламентте талқылау 22 тамызға қалдырылды


ВАШИНГТОН. Кеше Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ирақтың Ұлттық жиналысы алдағы дүйсенбіде конституция жобасын мақұлдап, өзіне жүктелген міндетін ойдағыдай атқарар деген үмітін білдірді. “Ирақтың демократия жолына түскеніне біз куәміз. Жаңа конституция Ирақтың жаңа тарихындағы ең маңызды құжат болмақшы. Олардың бұл істі аяқтап, жыл соңына дейін тұрақты билікті сайлауға қол жеткізе алатынана біз сенеміз”, -деп мәлімдеді К.Райс. АҚШ президенті Дж.Буш та жаңа ата заңның жобасы бойынша уәжге келу үшін Ирақ лидерлерінің атқарған ісін “нағыз қайсарлық” деп бағалады. Ирақтың федеративтік құрылымы, исламның қоғамдағы рөлі және елдің мұнай байлығын пайдалану тәртібі – жаңа ата заң төңірегіндегі қызу талас туғызған негізгі 3 проблема болды.
XS
SM
MD
LG