Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге дайындалып жатыр


Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде АҚШ делегациясын басқарып отырған елші Кристофер Хилл Солтүстік Корея өкіліне хат жолдады. Алтыжақ келіссөздер осы айдың соңында жалғасуға тиіс. Кристофер Хилл Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы өкілеттігі арқылы хат жолдадым, келіссөздерді жалғастыру қамымен хабарласып тұрайық деп айттым дейді. Кристофер Хилл дайындық барысын Солтүстік Корея, Қытай және Ресей өкілдерімен не кездесіп, не телефон арқылы талқылағым келеді дейді. Оңтүстік Корея және Жапония өкілдерімен мәселе бойынша келесі аптада кездесемін, - деді бас америкалық елші.
XS
SM
MD
LG