Accessibility links

Астанада тұрғын үйлердің жанынан ядролық орталық салынып жатыр ма?


Астананың тұрғын аудандарында аулалардың тарылып, балаларға арналған алаңқайлардың азайып бара жатқаны тұрғындардың наразылығын туғызуда. Үйлерге жапсарланып немесе аулаларға салынып жатқан құрылыс нысандары көбейіп барады. Ал, тамыздың 18-і күні Абылайхан көшесіндегі 2/4 үйдің тұрғындары «Ядролық физика институтының» сол үйдің алдынан ядролық орталықтың құрылысын бастауына байланысты наразылық білдірді. Тұрғындар ядролық деген сөзден қорқып, қоршаған ортаға кесірін тигізуі мүмкін ғимаратты неге қаланың ішіне салып жатыр деп, өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Ал, құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компанияның өкілдері бұл ядролық орталық емес, тек ғылыми зерттеу кешені және ғимараттан еш қауіп болмайды деп сендіргісі келеді.

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанына биыл 10 жыл толды. 1995 жылы Семей полигонынан Ресейге барлық стратегиялық және тактикалық ядролық қару шығарылған болатын. Әрмен қарай бұл қару АҚШ-қа беріліп, көзі жойылды деп хабарланды. Кейбір сасаттанушылар бұл сол кездегі дұрыс қадам десе, келесілері бұл пікірмен келіспей отыр. Енді біреулер, Қазақстанға ядролық қаруды емес, уран шикізатын табуды дамытқан тиімді дейді. Қазір, Қазақстанның ядролық қару жасағанда қолданылатын уран шығаруға мүмкіндігі жеткілікті дейді сарапшылар. Әлемдегі барлық уран қорының 25 пайызы Қазақстанға тиесілі деген болжам бар. Ел аумағында уран өңдейтін атом өндірісінің кәсіпорындары бар. Ал тұрғындар болса, Астанадағы Еуразиялық университеттің маңында бой көтеріп келе жатқан ғимаратта уран болуы мүмкін деген қауесеттен алаңдап отырғанын айтады:

- Осы жерден тура біздің алдымыздан ядролық орталық салып жатыр. Алдында білген жоқпыз. Өйткені басында техникалық зертхана болады деген. Енді естісек, ядролық орталық дейді, ол әлемдік тәжірибеде жоқ қой. Не істеп жатырсыңдар десек, жұмыстарың болмасын дейді.

- Бізге зиян келтіреді, егер сынақ болса. Университет жанында, су арнасы жанында.

- Қаланың ортасына, үйдің жанына салу дұрыс емес. Ертең ол Чернобыльден жаман болуы мүмкін. Мына жерде кәріз құбыры бар, олар оған қосылды, ертең барлық қалдықтар осы жермен ағады.

Құрылыс жүргізіп жатқан мердігер «Стройгруппа НСК» құрылыс компаниясының маманы Балтабек Жүсіповтың айтуынша, салынып жатқан ғимаратта барлық қауіпсіздік шаралары ескеріледі:

«Ядролық орталық зертханасын салып жатырмыз, енді ішінде іргесінің өзі 60 см, егер улану болса өзінің сапасы бар ғой енді».

Құрылыс жүргізіп жатқан тағы бір мердігер «Промтехмонтаж» құрылыс компаниясының маманы Серік Қалиевтің айтуынша, Астанадағы Еуразиялық университеттің маңында бой көтеріп келе жатқан ғимаратта уран болуы мүмкін деген қауесет шындыққа жанаспайды:

«Мұнда біріншіден арық салынады, 2 метр тереңдікте жүреді. Сырттан келетін су арт жаққа кетеді, сол жерден сорылады. Мұнда ядролық орталық емес физикалық құбылыстарды тексеретін ғимарат салынады. Біреулер айтып қойыпты атом реакторы салынады деп, ол өте қате түсінік».

Ғимараттың қожайыны құрылысқа тапсырыс берген Ядролық физика институтының бас инженері Александр Борисенконың айтуынша, бұл ауыр иондардың жылдамдатқышы. Экология және радиация жағынан қауіпсіз, онда ешқандай уран немесе оның бөліну өнімдері болмайды дейді.

Ядролық физика институтының бас инженері Александр Борисенконың айтуынша, жоба мемлекеттік, экологиялық, санитарлы және ғылыми сараптамалардан өткен. Барлығы заң жүзінде жүзеге асады. Бірақ, қандайда бір радиация болады, ол тіпті медициналық мекемелерде болады. Бастысы, барлық шаралар жасалған және арнайы қорғау жасалған дейді.

Осылайша, 3 қабатты ғимараттың құрылысы жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша жаңа ғимаратта келешекте жоғары білікті мамандар дайындалмақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG