Accessibility links

Израйль күштері еврей тұрғындарын көшіруді одан әрі жалғастыруда


Бұл үдерісті келесі сейсенбі күні аяқтау қарастырылуда. Мұның өзі жоспарланған мерзімнен едәуір шапшаң мерзімде жүзеге асырылып отыр. Газа аймағы мен Батыс жағалаудағы 8 жарым мыңдай тұрғындарды үш апта ішінде шығару бастапқыда жоспарланған болатын. Алдын-ала ескертілгеніндей, өз еркімен үйлерін тастап шығу мерзімі біткеннен кейін, өткен сейсенбінің түнінен бастап, Израйль қауіпсіздік күштері тұрғындарды күштеп шығара бастаған еді. Ресми деректерге қарағанда аталған аймақ тұрғындарының жартысынан көбісі қазірдің өзінде көшіп кетсікен.
XS
SM
MD
LG