Израиль әскері Газа секторының Кфар Даром және Неве Декалим қоныстарында ерегесіп қалған ереуілшілер мен қонысшыларды толық шығарып болды. Полиция екі қоныстың синагогаларында бекініп алған ереуілшілерді күшпен шығарды. Бас министр Ариель Шаронның жоспары бойынша Газа секторынан барлық 21 қоныс, Батыс жағалаудағы 120 қоныстың төртеуі әкетілуге тиіс. Сегіз жарым мың қонысшының шамамен жартысы өз еркімен көшіп кетті, қалғандарды күшпен шығаруға тура келіп тұр. Израиль бас министрі 38 жылдан соң еврей қоныстарын әкету ел қауіпсіздігін арттыруға қажет дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?