Accessibility links

Украина Бірігей экономикалық кеңістікке қатыспаймыз деді


Украина экономика министрі Сергей Терехин Ресей, Қазақстан және Беларус арасында ойластырылып отырған экономикалық ұйымға қатыспауды жөн көреміз деді. Украина Бірігей экономикалық кеңістікке қатысқаннан көрі Ресеймен қатынасын екі жақты құрғысы келеді. Украина министрі бұл мәлімдемесін Киев қаласында Ресей сауда министрі Герман Грефпен кездескен соң айтты. Ресей министрі екі тарап бірі бірін жақсы түсінеді деді. Ресей министрі алдағы жылдары Украина жері арқылы Батыс Еуропаға көбірек газ шығарғымыз келеді, стратегиялық мүдделеріміз ортақ деді.
XS
SM
MD
LG