Болған оқиға туралы «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, Алматы қалалық әкімшілікке қарасты құтқару қызметінің шұғыл кезекшісі Сарыбай Ахметов, әуежай алаңында қолданыстан шыққан, ескірген «Ил-62» ұшағын бұзып, бөлшектеу жұмыстары кезінде от ұшқынынан ұшақтың жанармай ыдысында жарылыс болғанын айтты. Соның салдарынан өрт шығып, 1978 жылы туған Щербаков деген азамат сол жерде қаза болған. Ал, 1970 жылы туған Иванов пен 1970 жылғы Ахаткин екеуі жарылыс салдарынан ауыр жараланып, қазір Алматы қаласындағы №4-ші ауруханаға жатқызылған.
Алматы әуежайында болған осы төтенше оқиғаның себебін анықтау мақсатында қалалық көлік прокуратурасының адамдары тексеру жұмыстарын бастаған. Алматы қалалық әкімшілік жанындағы дағдарысты жағдайды басқару орталығының өз аты-жөнін айтқысы келмеген кезекшісінің айтуынша, қалалық құтқару қызметі мен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері әуежайға жіберілмей, тек қана өрт сөндірушілер барып, өрт сөндіруге көмектескен.
«Сондықтан, әуежай алаңында дәл қандай жағдай орын алғандығын айту қиын», - дейді ол.
Болған оқиғаны алыстан бақылаған кейбір қала тұрғындары әуежай алаңында өрттің бір сағаттан астам уақытқа жалғасқанын, содан кейін барып сөндірілгенін, сол әуежай маңайында көп уақыт күлімсі түтін иісінің шығып тұрғанын айтады. Осы Алматы әуежайы алаңында көп жылдары инженер-механик болып жұмыс істеген Талғат Кәмесқанұлының айтуынша, Алматы әуежайына қарасты осындай қолданыстан шыққан ескірген ұшақтар саны оншақты екен. Оларды көбінесе қайтадан металл етіп балқыту үшін бұзатын көрінеді.
«Алайда, жұма күні орын алған төтенше оқиғаның себебін айту қиынырақ, сол от ұшқынынан жанармай ыдысының түбінде қалған керосин от алып, жарылыс болған болуы мүмкін», - дейді Талғат Кәмесқанұлы.
Алматы әуежайында болған оқиғаға байланысты әуежайдың анықтама қызметі қандай бір ақпарат беруден бас тартып отыр.