Ол зымыранның біреуі Қызыл теңізде зәкірде тұрған АҚШ әскери кемесіне жақын маңайға барып түскен. Жұма күнгі ол шабуылдан йорданиялық бір азамат қаза тауып, екі кісі жарақат алған болатын. Ал, Израиль аумағында бір такси айдаушы жараланған. Енді Йордания қауіпсіздік күштері ол зымырандарды атқан тағы да 6 кісіні іздестіруде екен.