Accessibility links

Иорданияда атылған зымырындардың ісіне байланысты бірнеше азамат ұсталды


Иордания полициясы америкалық кемелерге атылған зымырындардың ісіне байланысты бірнеше күдікті азаматты қамауға алды. Ақаба портында тұрған америкалық екі кемеге екі "Катюша" зымыраны атылған. Қамауға алынғандардың арасында Ирақ, Сирия, Египет және Иордания азаматтары бар. Қамауға қанша азамат алынғаны анық емес. Зымырандарды атқан қондырғы табылды. Үш зымыранның бірі Израильдің Ейлан мекеніне түскен, адам шығыны болған жоқ. Шабуылдарды "Әл Қаидамен" сыбайлас ұйым мойнына алса да, оның мәлімдемесі дәйектелмеді.
XS
SM
MD
LG