КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль өлкесінде бомба жарылысынан АҚШ-тың 4 жауынгері құрбан болып, тағы үшеуі жараланды. АҚШ жауынгерлері терроризмге қарсы арнайы операцияға қатысқан болатын. Оған көрші Кандагар өлкесінде биліктің сөзін сөйлеген көрнекті дін қайраткері қастандықтың құрбаны болды. Бұл қастандықты тәліптер өз жауапкершілігіне алып отыр. Кабул қаласында АҚШ елшілігінің екі қызметкері бомба жарылысынан жарақат алды. Бомба елшілік көліктері келе жатқан жол бойына қойылған болып шықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады