БАҒДАД. Бүгін Ирақтың жаңа Конституциясының жобасын аяқтап парламент талқысына жолдайтын соңғы күн. Алайда Ирақ лидерлері жобадағы елдің болашақ федеративтік құрылымы, исламның қоғамдағы рөлі және мұнай байлығын бөлісу сынды ең басты мәселелері бойынша өзара әлі уәжге келген жоқ. Ирақ үкіметі өкілінің кеше атап көрсеткеніндей, Ата заң жобасының 2 үлгісі бар, бірақ жоба дүйсенбіге дейін дайын болмайды. Оның ескертуінше, конституция жобасын парламент талқысына жолдаудың ақырғы мерзімін тағы да ұзартуға тура келуі ықтимал. Ассошэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, жоба бойынша бүгін таңертең шийттер мен күрд лидерлері сүннит өкілдерімен келіссөзге отыруға тиіс.