Олар Палестина жерлеріндегі 25 еврей мекендерінің соңғы жетеуі болатын. Батыс жағалауда төрт, Газа аймағында үш тұрғын мекендерінің босатылуын қолдап 16 мүше, қарсы болып 4 адам дауыс берген. Газа аймағында бұл үдерістерге қарсылықтар одан әрі жалғасуда. Катиф елді мекенінде шерушілер көшірумен айналысатын жасақтарға қарсы бөгесіндер орнатып тастаған екен. Ал, Батыс жағалаудағы Санурда бірнеше ондаған қарсылық танытушылар қарусыз солдаттарды кері шегіндіріп тастаған. Сәлден кейін полиция келіп, шерушілерді қуып таратқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?