Парламенттік және жергілікті сайлаулар келесі айға белгіленген. Азаттық радиосына берген сұхбатында Талибан өкілі Абдул Латиф Хакими сайлаулар орталықтарына өткенде де шабуыл жасамағандарын, болашақта да жасамайтындықтарын айтты. Бұл уәдені Қорғаныс министрі, генерал Азими қызу қуаттады. Дей тұрғанмен ол уәделердің іс жүзінде жүзеге асатындығын күтейік, деді ол. АҚШ әскерилері өткен апталарда Ауған армиясымен бірлесе отырып, 100-ден аса Талибан өкілдерін өлтірдік, деп бүгін мәлімдеді.