Accessibility links

Ирақ бойынша көтерілісшілер бүгін кем дегенде 17 адамды жер жастандырған


Бұл жөнінде полиция өкілдері хабарлап отыр. Атап айтқанда, Бағдаттағы Карада аймағындағы бомбалық жарылыстан сегіз Ирақ полициясы қаза болып, төртеуі жараланған. Тармияда қару тиелген көлікпен келіп соғуы кесірінен тағы 8 полиция өкілі және 2 қарапайым азамат қаза болған. Киркукте лаңкестікке қарсы күресуші тұлғаны әйелімен бірге біреулер атып кеткен.
XS
SM
MD
LG