Accessibility links

Тұрғындардың қарсыласуына қарамастан Израиль бүгін Батыс жағалаудан соңғы 2 еврей қонысын көшіре бастады


ИЕРУСАЛИМ. Премьер-министр А.Шаронның жоспарына сәйкес, бүгін Израиль армиясы Йордан өзенінің Батыс жағалауындағы соңғы 2 еврей қонысы - Санур мен Хомештің тұрғындарын күштеп көшіруге кірісті. Тұрғындар қатты қарсылық көрсетуі ықтимал. Оларға қоныс аудару жоспарына қарсы күштер келіп қосылды. Газа аймағындағы ең соңғы Нецарим қонысының 500-дей тұрғынын көшіруден кейін кеше Израиль Газадан барлық 21 еврей қонысын көшіргенін мәлімдеді. Кеше Палестина лидері М.Аббас Израиль премьері А.Шаронға телефон соғып, еврей қоныстарының көшірілуі – екі жақты қатынастың жаңа тарауын бастар деп үміттенгенін атап көрсетіп, 2 лидер жуырда өзара тағы кездесуге келісті. Ал АҚШ презиндеті Дж.Буш Израильдің Газа мен Батыс жағалаудан кетуін: “Қасиетті жер бейбітшілік орнатуға жақындады” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG