Accessibility links

Ирақтың шиит ресмилерінің бірі бүгін АҚШ президенті Дж.Буш шиит делегаттарын Конституция жобасында суннит өкілдері қойып отырған екі мәселе бойынша бір ортақ келісімге келуге шақырды деп айтқан


Ассошайтед пресс агенттігі Конституция жобасы бойынша комитеттегі шиит өкілі Али әл-Адиибтің АҚШ президенті Баас партиясы мен федерализм турасында сунниттермен бір келісімге келіңдер деп айтты деген сөзін келтірген. Нью-Йорк таймс басылымы да Дж.Буш шииттердің жетекшісі Абдул Азиз әл-Хакимді сунниттермен бір мәмілеге келуге шақырды деген хабар таратты. Дегенмен де ресми Вашингтон мұндай өтініштің болғандығын растай қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG