Бұдан бес-алты күн бұрын оңтүстіктегі Забул провинциясында дәл осындай бомба шабуылында төрт АҚШ солдаты опат болып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған еді. Бұл жасақтар 18 қыркүйекте өтетін Парламент сайлауы алдында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатын атқарушылар еді делінген әскерилердің мәлімдемесінде. 2001 жылдан бергі уақыттың ішінде Ауғанстанда тек биылғы жылдың өзінде түрлі саяси қақтығыстарда бір мыңдай адам мерт болып отыр.