Accessibility links

АҚШ әскерилері соңғы үш күн ішінде Абу-Ғрайб түрмесінен бір мыңдай ирақ тұтқыны босатылды деп мәлімдеді


Әскери мәлімдемеде бостандыққа жіберілгендер бомба шабуылдары, кісі өлтірулер сияқты ауыр қылмыстарға қатыспағандар деп атап көрсетілген. Сөйтіп, Ирақ Конституциясының жобасы бойынша талқылаулар дағдарысты жағдайға тіреліп тұрған уақытта Абу-Ғрайб тұтқындары мың адамға азайды. Жұма күні шиит пен күрд өкілдері бір мәмілеге келу үшін өз ұсыныстарымызды бердік деп айтқан болатын. Бірақ оған суниттер тарапынан ешбір жауап бола қоймаған. Егер Конституция жобасы бойынша ортақ ұйғарымға қол жетпейтін болса, Ата заң жобасының қазіргі мәтіні 15 қазанда референдумға шығарылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG