Accessibility links

Ирақ кабинетінен 5 сүнни мүшесі жаңа Ата заңның бірнеше бабына өзгеріс кіргізуді талап етіп отыр


Олар үкіметтік орындарға діни секта бойынша тағайындауға қарсы, сондай-ақ федерализм және Саддамның Баас партиясы жөніндегі тұстарды жобадан алып тастау керек дейді. Сүнни қауым өкілдері өз ұсыныстарын Парламент төрағасы Хажим Ал-Хасаниге жазба түрде тапсырды. Ол жөнінде Ал-Хасани тілшілерге былай деді:

«Ақпандағы сайлауларда қатыспаған сүнни ағайындар атынан ұсынылған талаптар бойынша Күрдтер бірлігі және Біріккен араб альянс арасында өзара келеісім бар. Енді ол ұсыныс бойынша жауапты таңертеңге дейін алып қалармыз, Алла бұйырса», - деген ал-Хасани.

Бұл арада Бағдад үкіметінің өтінішімен АҚШ әскерилері Абу Ғрайб түрмесінен 1000 шақты тұтқынды бостандыққа шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG