БАҒДАД. Бүгін Ирақ парламенті конституция жобасының соңғы мәтінімен танысуға жиналып, бірақ оны дауысқа салмай тарады. Жобаны дайындаған конституциялық комиссияның төрағасы Хуммам Хаммуди: “комитет мүшелерінің барлығы елдің бірлігін ең маңызды міндет деп санайды, бірақ оған қол жеткізудің жолдарын басқаша көреді”, -деп атап көрсетті. Аталмыш комитеттің сүннит мүшелері күрдтер мен шийттер мүшелері қол қойып мақұлдаған Ата заң жобасын қолдамады. Дегенмен де Ирақ үкіметінің өкілі Лэйт Куббаның хабарлауынша, сүннитердің кейбір жетекшісі конституция жобасын мақұлдауға дайын көрінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?