КАБУЛ. Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Кабулға ресми сапармен келген Үндістан премьер-министрі Манмухан Синхпен аймақ қауіпсіздігі және терроризм проблемаларын талқылады. М.Синхпен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында ол: “Пәкістан мен Үндістан арасындағы тыныштық – аймақ қауіпсіздігі үшін өте маңызды” деп атап көрсетіп, терроризмді ауыздықтау үшін осы екі елді бірігуге шақырды. Өз кезегінде үнді премьері: “Біз Ауғанстанның экономикасын көтеруіміз керек; ойдағыдай жүзеге аса бастаған демократиялық процестің жалғаса беруіне кепіл болуымыз керек; егер ауған үкіметі көмек сұраған болса, оны біз ойластыруымыз қажет” - деп мәлімдеді. Кабулға сапары барысында М.Синх Ауғанстанға қосымша 50 млн. доллар беретінін атап көрсетті. Бұған дейін ресми Дели Ауғанстанға 500 млн. доллар мөлшерінде көмек беруге міндеттенген болатын.