ТЕЛЬ-АВИВ. Егер Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіргеннен кейін палестиналық экстремистер Израильге қарсы шабуылдарын доғармайтын болса, онда Израиль қарсы шара қолданатын болады. Бүгін Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом осылай деп ескертті. Оған қоса С.Шалом: “Палестина үкіметі экстремистерді ауыздықтап болмайынша, Израиль бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруға бармайды”, деп мәлімдеді. Кеше Израиьдің Беер-Шева қаласында палестиндік экстремист өзін-өзі жарып, одан 10 адам жарақат алды.