Accessibility links

Сүннитердің қарсы болуына қарамастан мақұлданған Ирақ Конституциясына халықаралық қоғам жылы пікір білдіруде


БАҒДАД. Ирақ үкіметі бүгін жаңа Конституция жобасының миллиондаған көшірмесін халыққа таратып бере бастады. Жексенбі күні мақұлданған Ата заң жобасы осы күні Ирақ парламентінің назарына ұсынылды. Бірақ Ұлттық Ассамблея Конституция жобасын дауысқа салған жоқ. Ирақтағы сүннит арабтарының Ата заң жобасына қарсы шығуына қарамастан, халықаралық қауымдастық бүгін оған жылы пікір білдіріп жатыр. Ата заң енді 15 қазанға белгіленген жалпы халықтық референдумда қабылдануға тиіс. Бүгін Конституция жобасына наразылық білдіру үшін Ирақтың Тикрит қаласында сүннитердің мыңдаған өкілі көшеге жиналды.
XS
SM
MD
LG