ГДАНЬСК. Польша бүгін Гданьск қаласында “Солидарность” кәсіподағының 25 жылдығын тойлай бастады. Мерейтой 3 күн жалғасады. “Солидарность” – 1980-інші жылдың 31-інші тамызында Лех Валенса бастаған жұмысшылар ереуілге шығып, коммунистік Польшадағы ресми билікке өзін мойындаттырған ең бірінші тәуелсіз кәсіподақ болды. “Солидарность” бүкіл елде халық толқуының көтерілуіне түрткі болып, ақыр аяғында коммунистік биліктің құлауына жеткізді. Польша парламентінің депутаттары, оның ішінде Лех Валенсаның өзі де бар, кәсіподақ белсенділерін құттықтау үшін Гданьскіге келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?