Accessibility links

Палестина мемлекеті құрылмайынша, ресми Исламабад Тель-Авивпен қатынас құрмайды


ИСЛАМАБАД. Тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылғанда ғана Пәкістан Израильмен арада дипломатиялық қатынас орнатады. Пәкістан мен Израиль сыртқы істер министрлерінің кеше Стамбулда болып өткен бірінші кездесуінен кейін Пәкістан президентінің ресми өкілі Шауқат Сұлтан осылай деп мәлімдеді. Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом өзінің пәкістандық әріптесі Хуршид Касуримен кездесуін “тарихи оқиға” деп бағалады. Оның айрықша атап көрсеткеніндей, барлық мұсылман елінің Израильмен арадағы қарым-қатынасын қайта қарайтын уақыт келді.
XS
SM
MD
LG