Accessibility links

“Беслан трагедиясы” құрбандарының туыстары адам құқы қорғалатын шетелдерден саяси баспана сұрайды


МӘСКЕУ. Бүгін Кремльде “Беслан қырғыны” құрбандарының туыстары Кремльде Ресей президенті В.Путинмен кездесуге тиіс. Бұл кездесу - 331 адам, оның ішінде 186 мектеп оқушысы қаза тапқан “Беслан трагедиясының” 1 жылдығына арналған 3 күндік аза тұтудың екінші күні өтпекші. “Беслан аналары” комитетінің мүшелері В.Путиннен 1 жыл бұрынғы қырғынға айыптылардың әділ жазаға тартылмауы себептерін сұрамақшы. Қаза болғандардың туыстары адам құқы қорғалатын шетелдерден өздеріне саяси баспана беруін сұрайды. “Беслан аналары” комитетінің мәлімдеуінше, “”Беслан трагедиясына” мемлекет басшысының өзі (яғни президент В.Путиннің өзі тікелей) айыпты болған елде әділдік іздеуге еш мүмкіндік жоқ”. Сондықтан да, деп мәлімдейді олар, әділдікті шетелдерден іздеуге тура келеді..
XS
SM
MD
LG