Accessibility links

Лондон метросындағы шабуылды іске асырғандардың бірі Батыс елдері мен халықтарын не үшін айыптайды?


ДУБАЙ. “Әл-Жазира” телеарнасы арқылы берілген бейнесюжетте “Әл-Қаида” басшыларының бірі Айман Әз-Зауахири, оның өз сөзімен айқтанда, Ирақ пен Ауғанстанға және Палестинаға қарсы басқыншылыққа атсалысқан елдерде тағы да лаңкестік шабуылдардың ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Бейнесюжетте Лондон метросындағы қастандыққа қатысы бар деген күдіктілердің бірі Мухаммад Сыдық Хан: “Сіздердің демократиялық биліктеріңіз менің қандастарыма қарсы бүкіл әлемде зұлымдық істеп жатыр. Өзімнің мұсылман бауырларым мен қарындастарым үшін кек алуға мен қандай жауапты болсам, ондай зұлымдықтарға сіздер де дәл солай жауапты боласыздар”, деп мәлімдейді. Бұл бейнесюжеттің қашан және қайда жазылғаны беймәлім, британ үкіметі оған пікір білдіруден бас тарты.
XS
SM
MD
LG