Accessibility links

Осыдан бір жыл бұрын Беслан мектебіндегі кепілдік тұтқынында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен туыстары ол апат бойынша әділ сот болмады деп шет елдерден саяси баспана сұрап отыр


Бүгін Солтүстік Осетиядағы ол Беслан мектебінде жиналғандар демократиялық елдерге арнайы үндеу хатын жазып, адам құқығы қорғалатын ол елдерден баспана сұрайтындықтарын айтты.

Өткен жылы қыркүйектің 1-і мен 3-і арасында болған ол кепілдік тұтқын дағдарысында Ресей күштерінің мектеп ғимаратына басып кіру операциясы кезінде 330 адам қаза тапқан болатын. Олардың дерлік тең жартысы балалар мен әйелдер болған. Ол күні қаза тапқан балалардың ата-аналары ертең Кремльде президент Путинның қабылдауында болмақ.
XS
SM
MD
LG