Accessibility links

Бүгін Ирақ астанасында болған сәрсенбі күнгі көпір апатында қаза тапқан мың шақты азаматтың жаназасына қатысу үшін бірнеше мыңдаған адам жиналды


Марқұмдар жатқан ауруханаға Ирақ бас министрі ал-Жафари мен оның кабинет мүшелері келді. Қирап түскен өзен көпірі маңайында болған куәнің бірі Мохаммад ал-Қайиси өз көргенін былайша жеткізді:

«Құрбан болғандардың туыстары, жақындары ол арада таң атқанша болды. Балалардың мәйіттері мешітке жеткізілді. Ол сұмдық көріністі сөзбен жеткізу қиын. Бұл барлық мұсылман қауымының басына түскен тауқымет еді».

Бұл қайғылы оқиғаға байланысты Ирақта 3-күндік қаралы күн жарияланған.
XS
SM
MD
LG