Accessibility links

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Иранның ядролық бағдарламасы турасында хабарламасы жарық көрді


Онда Иран өз бағдарламасына байланысты толық ынтымақтастық танытып, туындаған сұрақтарға жауап беруде деп атап көрсеткен. Хабарламада сондай-ақ Иранның уранды байытуға қолданылатын бірнеше тонна арнайы газ өндіргені жазылған. Өткен айда Иран Исфаһанда уранды байыту шараларын қайта жаңғыртқан болатын. Тегеранда Иранның ядролық келісімгері Али Ларижани Иран ынтымақтастықты жалғастыра береді деген. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына тиым шараларын қолдану үшін бұл мәселені БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне шығаруға басқа да елдерді қолдау танытуға шақыруда.
XS
SM
MD
LG