Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш «Катрина» дауылының зардабы тиген аймақтағы тұрғындармен кездесті


Ол көзімен көрген кезде табиғат апатының келтірген зияны өзі ойлағаннан да асып түскенін айтты, ол мұндағы елге көмектесу үшін Ирақ соғысына жұмсалып жатқан күш-жігерді қайтару керек деген кейбір мәлімдемелерге де жауап берді:

«Біз елді террордан қорғау үшін жұмыс жасап жатырмыз, енді біз шығанақтың солтүстігінде дауылдан зардап шеккендерге де көмек қолын созып, оларға барлық жағдайды жасай аламыз. Сөйтіп біз бұл екі міндетті де қатар атқаратын боламыз».

Буш бүгін түнде Конгресс төтенше жағдайлар қорынан бөлген 10,5 миллиард долларға қол қоятындығын айтты. Дүйсенбі күні жүріп өткен «Катрина» дауылынан кейін 1 миллиондай адам бұл аймақтан басқа жаққа көшірілсе, мыңдаған адам апат құрбаны болды.
XS
SM
MD
LG