Accessibility links

Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафиқ Хариридің қастандық өлімін зерттеуші БҰҰ комиссиясының жетекшісі алдағы сенбіде Дамаскіге барады


Сирия сыртқы істер министрлігіндегі ақпарат көзінің айтуынша, халықаралық комиссияның германиялық басшысы Детлев Мехлис Сирия астанасына үкіметтің шақыруы бойынша келеді. Ливандық судья Элиас Эйд Хариридің өліміне қатысы бар деп күдіктелген сирияшыл үш генералды тұтқындауға бұйрық берген. Ол үшеуі де және күдіктеліп отырған төртінші адам да Рафиқ Харириге қастандық жасалған кезде арнайы қызметтің жетекшілері болған. Харири өлімі Ливанда үлкен дүрбелең туғызып, ақыр соңында Сирияның Ливаннан кетуіне жеткізген болатын.
XS
SM
MD
LG