Мұндай мәлімдемені генерал Еран Офир Израил радиосы арқылы жасаған. Палестин басшысы Махмұд Аббас бейбіт жағдайдағы келіссөздер Израилдың кетуі толық аяқталған соң қайта басталатын болады деген. Аббас Палестин мемлекеті келесі жылы құрылады деп үміттенемін дейді. Израил Газа секторындағы 21 қонысын тамыз айында шығарып, 38 жыл бойы жағалауды басып алып, бақылауда ұстаған әрекеттеріне нүкте қойған еді.
Газа секторы мен Батыс жағалаудың солтүстігінен әскерлер қыркүйектің 15-іне қарай толық шығарылады дейді Израил әскерилері
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы