Accessibility links

Кеше Ресейде Беслан құрбандарын еске алуға арналған қаралы үш күн аяқталды


Мыңдаған адам қираған мектеп ғимаратының орнында бір минут үнсіздікпен құрбан болғандарды еске алды. Бір сәтке бүкіл елде барлық қозғалыс тоқтады. Алып қоңырау даусы 331 рет соғылды, Бесланда 2004 жылдың 3-ші қыркүйегінде осыншалықты адам қаза тапқан болатын. Мәскеуде Ресей президенті В.Путин ешбір ел өз халқын террордан жеткілікті қорғай алып отырған жоқ деп атап көрсетті. Жұма күні президент "Беслан аналары" комитетінің белсенділерімен және мерт болғандардың туыстарымен кездескен болатын. Кеше ол Бас прокуратура Бесланға тергеу-тексеру тобын жібереді деді.
XS
SM
MD
LG