Қазір ондаған мың адамды апат аймағынан шығару үшін әуе күштері мен поездар, автобустар қолданылуда. Апат аймағына ұшардың алдында АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Майкл Чертофф дауылдан зардап шеккен аймақта тіршілікті қалпына келтіру үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалады деп атап көрсетті. Мұның алдында АҚШ президенті Дж.Буш зардап шеккендерді құтқару үшін алғашқы сәтте көрсетілген күш-жігердің жеткіліксіз болғандығын мойындаған еді. «Катрина» дауылы құрбандарының нақты саны әзір белгісіз, биліктің болжауынша олар бірнеше мыңдаған болуы мүмкін.
АҚШ президенті Дж.Буш «Катрина» дауылына тап болған аймақтағы құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына 7 мың әскер және 10 мың ұлттық қорғаныс күштері жіберіледі деді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды