Accessibility links

Бір ғана Луизиана штатындағы құрбандардың саны бірнеше мыңнан асуы мүмкін


ВАШИНГТОН. Бүгін Нью-Орлеан қаласынан аман қалған тұрғындардың ең соңғылары көшірілу үстінде. Су басқан Нью-Орлеан қаласында соңғы 5 күн бойы сарғайып көмек күткен босқындар Луизиана штатының “Катрина” дауылы жетпеген аудандары мен Тексас штатына қоныс аударылды. Луизиана штатының губернаторы Кэтлин Бланко ханымның айтуынша, дауыл құрбандарының саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Табиғи апаттың ізінше иесіз қалған дүкендер мен сауда орталықтары және баспаналар жаппай тоналған, тіпті әйел зорлау мен кісі өлтіру орын алған Нью-Орлеан қаласына қауіпсіздік күштері тәртіп орнатты.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG