Accessibility links

С.Хусеин мен оның ең жақын 7 сыбайласы 19 қазанда сотқа тартылады


БАҒДАД. Бүгін Ирақ үкіметінің өкілі Лайт Кубба бұрынғы диктатор С.Хусеиннің соты қазанның 19-ында басталатынын хабарлады. Оның айтуынша, С.Хусеин мен оның ең жақын 7 үзеңгілесі, оның ішінде оның жақын туысы да бар, Дужайл ауылындағы 143 тұрғынын жаппай қырды деген айып тағылып отыр. Алайда С.Хусеиннің британдық адвокаты Абдиль Хақ Аланидің айтуынша, айыптау актісімен танысу үшін қорғаушыларға ұзақ уақыт керек болады. Бұрынғы диктатордың айыбы дәлелденетін болса, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Онымен қатар Ирақтың Тал-Афар елді-мекеніндегі қақтығыс үшінші тәулік жалғасуда.
XS
SM
MD
LG