Accessibility links

“Катрина” дауылынан жапа шеккен штаттардың өкілдері не үшін Дж.Бушты айыптайды?


ВАШИНГТОН. “Катрина” дауылынан апатқа ұшырап, бір апта бойы еш көмек болмай зардап шеккен аймақтардың ахуалымен бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі аралап танысуда. Федералдық билік өкілдері Мексика шығанағы жағалауына соққан дауылдан Нью-Орлеан қаласын түгел су басып, мыңдаған тұрғынның қаза болуына себеп болған осындай апат болатынын алдын-ала болжаудың еш мүмкіндігі болмады деп ақталуда. Алайда жергілікті үкімет пен қоғамдық ұйымдар апат болған аймақтарға АҚШ әскерін жіберіп, дер кезінде көмек беруге президент Дж.Буш өзінің демалысын үзе алмады деп айыптады. Бүгін Нью-Орлеан қаласынан аман қалған ең соңғы тұрғындар қоныс аударылды. АҚШ НАТО мен Еуроодақ елдерінен көмек сұрап отыр. Иран, Ауғанстан сынды елдер өз көмектерін ұсынып жатыр.
XS
SM
MD
LG