Accessibility links

“Катрина” дауылынан құрбан болғандардың саны әзірше белгісіз


НЬЮ-ОРЛЕАН. Әскери тікұшақтар мен құтқарушылар Нью-Орлеан қаласында орын алған “Катрина” дауылынан аман қалған адамдарды іздеп жатыр. Дауыл құрбандарының нақты саны әлі белгісіз. Ресми өкілдердің айтуынша, қаза тапқандардың саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. АҚШ президенті Джордж Буш американдықтарды “Қызыл Крест” ұйымы арқылы бұл апаттан зардап шеккендерге жәрдем беруге шақырды. АҚШ ресмилерінің айтуынша, 24 сағаттың ішінде 25 мың адам Нью-Орлеаннан эвакуацияланған. Соңғы хабарларға қарағанда, Нью-Орлеанда полицейлердің оғынан 4 адам опат болды.
XS
SM
MD
LG